«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
2310
08 Сәуір 2021
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Бүгін «ҚТЖ» АҚ жаңа басшысын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ұжымға таныстырды. Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын.
Әр жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Шымкент қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2010 жылы Н.Сауранбаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. Бұрын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазақстан темір жолы» РМК басшылық қызметтерінде жұмыс істеді. А. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Құрмет» (2007) және «Парасат» (2013) ордендерімен марапатталған.
{{ $t('messages.news1') }}
ЖИ мұнай-газ саласының жұмысын қалай өзгертуде
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қаржыландыруымен Түркия провинциясында салынған мекте...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы кореялық серіктестермен шамамен 11 млрд долларлы...
{{ $t('messages.news1') }}
Сеулде Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің XIV отырысы ашылды