«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
1521
08 Сәуір 2021
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Есімханов Сұңғат Қуатұлы «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа басшысын ұжымға бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды.
Бұған дейін Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы, «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ президенті, Маңғыстау және Қарағанды облыстарындағы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Департаментының директоры болып жұмыс істеді.
Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін және «Болашақ» институтын бітірген.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асыр...
{{ $t('messages.news1') }}
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңес...
{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов AZCON Holding басшылығымен кездесті