Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
1504
02 Сәуір 2021
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қордың жұмысы жайында есеп берілді. Сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әлеуметтік орнықтылығын және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.
Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына «жасыл экономиканы» дамытуға байланысты салынатын жаңа құрылыс нысандарының жоспары, қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтты.
Кездесу соңында Президент «Самұрық-Қазына» Қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Теміржолшылар күнін атап өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«The Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna»: спорт ...
{{ $t('messages.news1') }}
Бакуге жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әз...
{{ $t('messages.news1') }}
Бакуде қазақстандық делегация Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік ми...