Қор тобының Қазақстан Республикасының экономикасындағы үлесі артты
428
18 Наурыз 2019
2018 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен қоржындық компаниялар тобының Қазақстан Республикасының экономикасындағы үлесі артып, 2017 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 4 трлн. теңгеден астам соманы құрады.
Сонымен қатар, 2017 жылмен салыстырғанда Қор кірісі (ROE) 6,5%-дан 8,0%-ға дейін артып, Темасек Холдинг (Сингапур), Future Fund (Австралия) сынды халықаралық ұлттық әл-ауқат қорларының өсу қарқынына жетті.
Айта кеткен жөн, 2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын және Қорды трансформациялау бағдарламасын бекітті және оның әрі қарай жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 35% артып, 8,5 трлн теңгеден асып жығылды. Таза кіріс 83%-ға ұлғайып, бұл 1,1 трлн. теңгеден астам соманы құрады. Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салықтың көлемі 38,8%-ға артты (1 трлн теңгеден астам).
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Румынияда «ҚазМұнайГаз» және K...
{{ $t('messages.news1') }}
Жаңа оқу жылында елорданың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері...
{{ $t('messages.news1') }}
Маңғыстаулық жастар «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен колледждерде білім ...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Өскемендегі «Kazzinc» кәсіпорнында болды