М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы 10,2 млрд теңгеге сатылды
945
28 Наурыз 2018
«Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ 10 250 999 999 теңгеге сатылды.
Электрондық аукцион www.gosreestr.kz алаңында өтті. Оған қатысушылар үшін кепілдік жарна 72 150 000 теңгені құрады.
Жоғары оқу орны көлік-коммуникация кешені, оның ішінде темір жол (қалалық электр көлігі мен метрополитен) және автомобиль көлігі, ақпараттық технологиялар, қаржы-экономика салалары үшін маман даярлайды. Сатып алу-сату шартына сәйкес компанияның жаңа қожайыны оның жұмыс бағытын, активті сатып алған уақыттан бастап 5 жыл ішінде академиялық мамандардың санын сақтауы тиіс.
«Самұрық-Қазына» АҚ Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 215 активті бәсекелестік ортаға шығарады.
{{ $t('messages.news1') }}
Газ саласы дамуда: QazaqGaz нәтижелері мен жобалары туралы есеп берді
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы АҚШ-та C5+1 бизнес-конференциясында сөз сөйле...