Қазатомөнеркәсіп «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС, «KazSilicon» МК» ЖШС қатысу үлесін сатады
806
13 Наурыз 2018
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «KazSilicon» МК» ЖШС жарғылық капиталындағы 75-100% қатысу үлесін сататынын хабарлайды.
Конкурстық құжаттамамен және ашық екі кезеңдік конкурстың хабарламасымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ веб-порталында (www.kazatomprom.kz) танысуға болады.
Үш компанияның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесі үшін сұралатын бастапқы баға он сегіз миллиард екі жүз жетпіс жеті миллион жиырма тоғыз мың теңгені құрайды.
Ашық екі кезеңдік конкурсқа өтінімдерді қабылдау 2018 жылғы 12 наурызда басталып, 28 наурыз күні Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.
Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік ретінде тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелері мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін сату жөніндегі комиссия бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі.
Толық ақпарат: www.kazatomprom.kz
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...