Елбасы ұлттық холдингтердің нысандарын жекешелендіруге шақырды
1221
30 Қараша 2015
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке жаңа жекешелендіру бағдарламасын әзірлеп, оған мемлекеттік меншіктегі барлық ұйымдарды қамтуды тапсырды.
Дүйсенбі күні Қазақстан халқына жолдауында Назарбаев: "Үкіметке жаңа жекешелендіру бағдарламасын әзірлеп, оған мемлекеттік меншіктегі барлық ұйымдарды, оның ішінде "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек" және "ҚазАгро"-ға кіретін ұйымдарды қамтуды тапсырамын, және жекешелендіруден кейін осы үш басқарушы холдингтер ықшам ұйымдарға түрлендірілуі тиіс", — деп айтқан.
Қазір, мемлекет басшының сөздері бойынша, мемлекеттік сектордағы нысандарды жекешелендірудеен шектеулерді алып тастау маңызды. Мемлекеттік мүлік туралы заңнның және Азаматтық кодекстің бірқатар ережелерін қайта қарастыру қажет, жекешелендірілмейтін стратегиялық нысандардың тізбесін қысқарту қажет.
Н. Назарбаев: "Жекешелендіру әділ нарықтық құны бойынша жүзеге асырылмауы тиіс: ашық әрі бәсекеге қабілетті түрде. Басты механизмдері болып қор нарығында акцияларды орналастыру және ашық аукциондар орын алуы тиіс. Оған қазақстандық және шетелдік инвесторлардың максималды қатысуына жағдай жасау қажет. Үкіметке барлық акционерлердің шеттетілетін акцияларды сатып алуға артықшылықты құқықтарын жоюды тапсырамын", - деген.
{{ $t('messages.news1') }}
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі компания қызметінің нәтижелері мен инвес...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China International Capital Co...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Гонконг әкімшілігінің басшысы ...
{{ $t('messages.news1') }}
Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лидің Қазақстанға жұмыс сапары аясы...