«Биіктерге бірге» фильмі «Самұрық-Қазына» қолдауымен жүзеге асқан әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы баяндайды.
Ұлттық әл-ауқат қорының қызметі ел экономикасының дамуында елеулі рөл атқарғандықтан, оның аса маңызды ұстанымдарының бірі – қазақстандықтардың әлеуметтік және рухани жағдайын жақсарту жолында жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.
Соның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау; ауыр дерттерге шалдыққан балаларды Қазақстанда және шетелде емдеу; инклюзивті білім беру жүйесін енгізу; мүкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларға консультативтік көмек көрсету; әлеуметтік жетімдік мәселесін жою; көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жеткіншектерді аула клубтарының көмегімен дамыту сынды іс-шаралар үшін қаражат бөлінеді.
Бұл жобаларды жүзеге асыруда Қордың көмекшілері бар: Ардагерлер ұйымы, «Еркін мейрімділік Қоғамы» ҚҚ, «Дара» ҚҚ, «Қасиетті жол» ҚҚ,«Замандас» ҚҚ, «SOS Қазастанның Балалар ауылдары» КҚ және т.б..
Фильм арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ еліміздегі бизнес құрылымдарды және қатардағы азаматтарды да қайырымдылыққа, әлеуметтік жауапкершілік танытуға үндейді.
Әсіресе күрделі экономикалық ахуал барысында халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары қолдауға мұқтаж екені анық.
«Енжар қалмаңыз, қиын жағдайға тап болған адамға қол ұшын созыңыз. Қолдан келгенше қолғабыс етіңіз, егер материалдық тұрғыдан болмаса, мейірімді іспен көмек беруіңізге болады» - «Биіктерге бірге» фильмінің басты мәні осындай.
https://www.youtube.com/watch?v=DfBjQ1xBhxg&feature=youtu.be
«Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік жобалары туралы
«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Еркін мейрімділік Қоғамы» ҚҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында үш жоба жүзеге асты. Қор тарапынан ауыр дерттерге шалдыққан балаларды шетелде емдеуге және оңалтуға, жетімдерге қолдау көрсетуге, науқас балалардың ата-аналарына консультативтік қызмет көрсетуге қаражат бөлінеді.
«Қасиетті жол» Қорымен бірге Астанада сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығы ашылды. Ал аймақтарда балалар үйлері мен емханалар үшін медициналық қондырғылар сатып алынды.
«Дара» Қорымен әріптестік негізінде психологиялық-педагогикалық реттеу орталықтарының желісі кеңейтілді, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту шаралары өтті.
«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен «SOS Қазақстанның Балалар ауылдары» КҚ бірнеше жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұлар ата-ана қамқорынсыз қалған немесе тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар мен жасөспірімдерге қолдау көрсетуге бағытталады.
Бұған қоса, тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін Астанада үш аула клубы жұмыс істейді. Басты мақсат – оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, оларды рухани жағынан дамыту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.