Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
123
02 Қазан 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов ҚР Президенті жанындағы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі, профессор Олаф Гротпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ірі компанияларда жасанды интеллект технологияларын дамыту және тәжірибелік қолдану, сондай-ақ AI шешімдері ауқымын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» тобында жасанды интеллект қолданылатын 70-тен астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Ал 120-дан астам AI-агент компаниялардың күнделікті жұмысында қайталанатын міндеттерді автоматтандыру, деректерді өңдеу және қызметкерлерге қолдау көрсету үшін қолданылады.
Нұрлан Жақыпов келесі кезең жекелеген пилоттық шешімдерді жүйелі түрде ауқымды енгізу және портфельдік компаниялардың негізгі бизнес-процестерімен біріктіру екенін атап өтті.
Олаф Грот – халықаралық танымал сарапшы, футуролог және Берклидегі Калифорния университетінің Хаас бизнес мектебінің профессоры. Ол ҚР Президенті жанындағы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің құрамына кіреді.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Maire Tecnimont компаниясының ...