Нұрлан Жақыпов Hyundai Engineering компаниясының президенті әрі бас директорымен кездесті
70
14 Қыркүйек 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Hyundai Engineering компаниясының президенті әрі бас директоры Чжу У-Чжонмен кездесті.
Тараптар өзара ынтымақтастық мәселелері мен мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды талқылады.
Кездесуде QazaqGaz іске асырып жатқан, қуаты жылына 5 млрд текше метр газды құрайтын Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауытын салу жобасына ерекше назар аударылды (Hyundai Engineering жобаға EPC мердігері ретінде қатысады).

Нұрлан Жақыпов Қазақстанның газ саласын дамыту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін жобаның маңызды екенін атап өтті.
Hyundai Engineering – инженерлік компания, әлемдегі ең ірі құрылыс компанияларының бірі Hyundai Engineering & Construction компаниясының еншілес ұйымы.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Корея геоғылымдар және минерал...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Корея Республикасының Сауда, ө...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаның» негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштерінің ...
{{ $t('messages.news1') }}
ЖИ және цифрландыру: энергетика саласы үшін жаңа мүмкіндіктер