Қазақстан мен Қытайдың капитал нарықтары арасындағы жаңа көпірлер

Қазақстан мен Қытайдың капитал нарықтары арасындағы жаңа көпірлер

59

10 Қыркүйек 2026

Қордың басқарушы директоры Салтанат Сәтжан Қытай мен Қазақстанның капитал нарықтарының интеграциясына арналған AFD панельдік пікірталасына қатысты.

«Unlocking Investment Flows: China-Kazakhstan Capital Market Integration» панельдік сессиясында спикер бірнеше негізгі мәселеге тоқталды:

Қытайдың капитал нарығы Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Екі ел арасындағы ынтымақтастық біртіндеп сауда мен инфрақұрылым шеңберінен шығып, инвестициялар мен капитал нарықтарын да қамти түсуде.

аыфвно.jpg

«Самұрық-Қазынаның» Қытайдың ішкі нарығына шығуы Орталық Азия үшін маңызды оқиға болды.

Қор Қазақстан мен Орталық Азия тарихында алғаш рет панда-облигацияларын орналастырды. Облигациялар бойынша жылдық кірістілік 2,18%-ды құрады. Бұл қордың қаржыландыру көздерін әртараптандырып қана қоймай, қытайлық инвесторлардың жаңа базасына жол ашты.

«Қытай – Қазақстанның ең маңызды экономикалық серіктестерінің бірі, ал біздің ынтымақтастығымыз сауда мен инфрақұрылым шеңберінен шығып, инвестициялар мен капитал нарықтарын да қамтуда. «Самұрық-Қазынаның» жуықта алғаш рет Қытайдың ішкі облигациялар нарығына шығуы осы эволюцияның айқын мысалы. Ал қытайлық және азиялық инвесторлардың болашақта акциялармен жасалатын ықтимал мәмілелерге қатысуы серіктестігімізге тағы бір маңызды серпін береді», – деді Салтанат Сәтжан пікірталас барысында.

авпжвап4.jpg

Жинақталған тәжірибе мен қытайлық инвесторлардың қызығушылық білдіруі қазақстандық компаниялардың келесі легінің нарыққа шығуын жеңілдетуі мүмкін. Бұл әсіресе ҚТЖ үшін маңызды, себебі оның бизнес-моделі Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы көлік байланысын дамытуға тікелей байланысты.

ҚТЖ-ның үш алаңда – Қазақстан, Лондон және Гонконгта – бір мезгілде листинг өткізу арқылы ықтимал IPO-ға шығуы инвесторлар базасын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Әр нарық өз инвесторлар тобына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, ал олардың бірлестігі сұраныс пен өтімділіктің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуі мүмкін.

дыжвбаыва.jpg