Нұрлан Жақыпов Astana Finance Days пленарлық сессиясында сөз сөйледі

Нұрлан Жақыпов Astana Finance Days пленарлық сессиясында сөз сөйледі

43

10 Қыркүйек 2026

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Astana Finance Days 2026 аясында «Транзиттен мәмілелерге дейін: Қазақстанның өңірлік қаржы және сауда хабына айналуы» атты пленарлық сессияда сөз сөйледі.

Талқылау барысында қор басшысы «Самұрық-Қазынаның» халықаралық капиталды тарту және Қазақстанның инвестициялық әлеуетін дамыту тәсілдері туралы айтып берді.

dfsdf.jpg

Негізгі тезистер:
✓ Қор тобы энергетика, мұнай-газ, көлік және логистика, өнеркәсіп және цифрлық инфрақұрылым бағыттарында 120-дан астам жобаны іске асырып жатыр. «Самұрық-Қазына» шетелдік инвесторлар үшін стратегиялық серіктес ретінде әрекет етуге және Қазақстандағы жобаларды іске асыру үшін бірлескен кәсіпорындар құруға дайын.
✓ Электр энергиясына, табиғи газға, электр энергиясын, мұнайды, газды және мұнай өнімдерін тасымалдауға сұраныстың артуы экономиканың дамып жатқанын көрсетеді және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер қалыптастырады.
✓ Қазақстанға тартымды әрі қауіпсіз юрисдикция ретінде шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келеді. Халықаралық компаниялармен әріптестік капитал ғана емес, технологиялар, сараптама және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігін де тартуға жол ашады. Серіктестер қатарында TotalEnergies, Eni, Masdar, Sany және басқа да компаниялар бар.
✓ Стратегиялық өнеркәсіп ұйымдары мен ірі банктердің Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді. Қазақстан нарығына Қытай және Еуропа нарықтарының қатысушылары шығуда.
✓ 2019–2025 жылдары шамамен 30 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

sfsdf.jpg

Бүгінде Қазақстанда ауқымды инвестициялық портфел, өсіп келе жатқан ішкі сұраныс және жаһандық бизнестің қызығушылығы бар. Міндет – осы әлеуетті нақты жобаларға, мәмілелерге және ұзақ мерзімді серіктестікке айналдыру. Нұрлан Жақыпов атап өткендей, қазір - Қазақстан экономикасына шығу үшін ең сәтті уақыт.

sdfsdf.jpg