«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының екіжақты кездесулері аясында энергетика, өнеркәсіп және көлік инфрақұрылымы салаларындағы қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 4 құжатқа қол қойылды
50
16 Шілде 2026
Қол қойылған құжаттардың қатарында:
«Самұрық-Қазына» АҚ мен China Communications Construction Company Limited (CCCC) арасындағы теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік туралы негіздемелік келісім;
«Самұрық-Энерго» АҚ мен China International Water & Electric Corporation (CWE) арасындағы гидроаккумуляциялық электр станциясын салу жобасын бірлесіп әзірлеу (Joint Development Agreement) туралы келісім;
«Самұрық-Энерго» АҚ мен SANY Renewable Energy арасындағы Жетісу облысындағы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жобасы бойынша акционерлік келісім;
«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС мен PowerChina SEPCO1 Electric Power Construction Co., Ltd. арасындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым нысандарын салуға арналған EPC-келісімшарт бар.
Қазақстан–Қытай көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ тобының желісі бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуға, логистиканы цифрландыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы Қытай компанияларымен 4,29 млрд долларлық келісі...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Шанхайда CITIC Group Директорлар кеңесінің төрағасы Си ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Шанхайда CATL компаниясының ди...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Shanghai Pudong Development Bank президенті Се Вэймен к...