Air Astana мен Airbus әуе кемелерін сатып алу бойынша тікелей тапсырыс туралы жариялады
42
23 Маусым 2026
Air Astana мен Airbus компаниялары Airbus A320neo әуе кемелері тобының 50 ұшағына дейін сатып алуға бағытталған Қазақстан тарихындағы ең ірі тікелей тапсырысты жариялады. Оның ішінде 25 ұшаққа нақты тапсырыс беріліп, тағы 25 ұшаққа опцион қарастырылған. Мәміленің каталог бойынша құны 7,145 млрд еуроны құрайды.
Қол қойылған құжаттармен алмасу рәсімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Еуропалық кеңестің президенті Антониу Коштаның және Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйеннің қатысуымен өтті.
Басшылар Air Astana мен Airbus арасындағы келісімді Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы авиация, инновациялар, көлік байланысы және жеке инвестицияларды тарту салаларындағы стратегиялық әріптестікті нығайтудың жарқын мысалы ретінде атап өтті.
Жобаны іске асыру Қазақстанның авиация саласын дамытудағы маңызды қадамға айналады. Бұл әуе кемелері паркін айтарлықтай кеңейтуге, бағыттар желісін ұлғайтуға, өңірлердің көлік байланысын жақсартуға және Қазақстанның Еуразиядағы негізгі авиациялық әрі транзиттік хаб ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.
{{ $t('messages.news1') }}
Президенттің Брюссельге сапары: «Самұрық-Қазына» халықаралық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) басшылығ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Airbus авиация саласындағы серіктестікті дамыту м...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Италияның Maire Tecnimont комп...