«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі компания қызметінің нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаның іске асырылу барысын қарады
232
04 Маусым 2026
2026 жылдың алғашқы 4 айының қорытындысы бойынша KEGOC қызметінің көрсеткіштері тұрақты өсуде:
Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға өсіп, 27,7 млрд кВт/сағатты құрады;
Таза пайда 43,3 млрд теңгені құрап, жоспардан 5,3 млрд теңгеге және өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 68,3%-ға жоғары болды.
Директорлар кеңесі компанияның қаржылық және өндірістік көрсеткіштеріндегі оң нәтижелерді және тұрақты өсімді сақтаудың маңызын атап өтті.
Елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы есеп тыңдалды:
Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде Оңтүстік аймақтың электр желісін күшейту жобасы кестедегі уақытынан ерте жүзеге асырылуда;
Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі бастамалар, тәуекелдерді басқару және ESG мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша компания қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға және стратегиялық жобаларды уақтылы іске асыруға қатысты ұсынымдар берілді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China International Capital Co...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Гонконг әкімшілігінің басшысы ...