Қазақстан мен Түркияның стратегиялық ынтымақтастығы
568
14 Мамыр 2026
Астанада Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Жиында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстан мен Түркия президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоғанға стратегиялық ынтымақтастықты дамыту туралы баяндады.
Баяндама барысында өзара іс-қимылдың басым бағыттары ретінде логистика, мұнай-газ саласы және әлеуметтік инфрақұрылым аталды. Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалының, әуе қатынасының артқаны, сондай-ақ Каспийдегі бірлескен энергетикалық жобалардың жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Сонымен қатар, Қазақстандағы медициналық нысандар мен Түркиядағы білім беру инфрақұрылымының құрылысына ерекше назар аударылды.
Қазақстан тарапының түрік инвесторларының қатысуымен жаңа ауқымды жобаларды іске қосуға дайын екені айтылды.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының екіжақты кездесулері аясында энергети...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы Қытай компанияларымен 4,29 млрд долларлық келісі...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Шанхайда CITIC Group Директорлар кеңесінің төрағасы Си ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Шанхайда CATL компаниясының ди...