Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің II отырысы өтті
179
04 Мамыр 2026
Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Жасұлан Мәдиев, мемлекеттік органдардың басшылары, Кеңестің халықаралық мүшелері, соның ішінде Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Кай-Фу Ли және т.б. қатысты.
Жиын барысында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов сөз сөйледі.
Қор басшысының айтуынша, бүгінгі таңда негізгі мәселе жасанды интеллект экономиканы өзгерте ме деген сұрақта емес, елдің бәсекеге қабілетті болуы үшін оны қаншалықты жылдам енгізе алатынында.
«Экономиканың энергетика, логистика, телекоммуникация, тау-кен өндірісі және өзге де негізгі салаларында 88 млрд доллардан астам активтерді басқаратын Қазақстанның ұлттық әл-ауқат қоры ретінде біз бұл мүмкіндікті пайдалануға ниеттіміз. Біздің мақсатымыз – жасанды интеллект технологияларын енгізіп қана қоймай, оларды барлық компанияларымызда кеңінен қолдану», – деді ол.
Қорда жүзеге асырылып жатқан жасанды интеллект бойынша әр бастама нақты нәтижелерге – өнімділікті арттыруға, шығындарды азайтуға және өлшенетін қаржылық тиімділікке бағытталған.
«Біз 2026 жылы жасанды интеллект құралдары мен технологиялары есебінен EBITDA көрсеткішін 5%-ға арттыру үшін барлық портфельдік компанияларға KPI белгіледік. Топтың жалпы EBITDA көрсеткіші 2026 жылы 11 млрд доллар деңгейінде болжанып отыр, оның ішінде 5% жасанды интеллектіні тікелей енгізу есебінен қамтамасыз етіледі», – деді Нұрлан Жақыпов.
Бұл мақсатта қуатын шамамен үш есеге ұлғайту жоспарланған Al Farabium суперкомпьютері қолданылады.
Мәселен, «ҚазМұнайГазда» геологиялық барлаудан бастап цифрлық егіздер мен предиктивті аналитикаға дейін құн қалыптастырудың барлық тізбегі бойынша кешенді ЖИ тәсілі енгізіліп жатыр. Нәтижесінде 2030 жылға қарай мұнай өндіру көлемі қосымша 2,8 млн тоннаға артып, экономикалық тиімділігі 700 млн доллардан асады деп болжанып отыр. Қазірдің өзінде жасанды интеллект өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру үшін ірі компаниялардың барлығында енгізілген.
2027 жылға қарай топтағы басқарушылық және өндірістік шешімдердің 70%-на дейін жасанды интеллектінің көмегімен қабылданбақ. 250 мыңнан астам қызметкер ЖИ бойынша базалық оқытудан өтті және әр қызметкер доктор Кай-Фу Ли платформасы негізінде қолданбалы бизнес тапсырмаларын орындау үшін өз ЖИ агенттерін құрастыра алады.
Сонымен қатар, ЖИ-хакатон өткізіліп, ондаған ЖИ агент әзірленді. Бұл топта жаңа цифрлық мәдениеттің қалыптасып жатқанын көрсетеді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қайырымдылық марафонында шамамен 250 млн теңге жиналд...
{{ $t('messages.news1') }}
Қарағанды облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов KEGOC директорлар...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ «Қазақтелеком» АҚ акцияларын сатып алғаны туралы х...