«Самұрық-Қазынада» қор басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен және ҚР Көлік министрі, «Қазақстан темір жолы» АҚ басшылығының қатысуымен жиналыс өтті
323
17 Сәуір 2026
Жиында Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында ҚР Үкіметінің тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. Елдің транзиттік әлеуетін дамыту, көлік-логистика жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Үкімет тарапынан бұған дейін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қарқынына қатысты айтылған ескертулерді ескере отырып, жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.
«Қазақстан темір жолы» басшылығына «Бақты – Аягөз» жобасы бойынша кешіктірілген жұмыстарды қысқа мерзімде орындап, ресурстарды жұмылдыру және 2026 жылғы 1 қарашаға дейін учаскедегі жер қазу жұмыстарын аяқтау туралы тапсырма берілді.
Сондай-ақ, Алматыны айналып өтетін теміржол желісін салу, «Дарбаза – Мақтаарал», «Алтынкөл – Жетіген» учаскелері бойынша жобалардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету және мемлекетаралық тораптарда тар жерлерді жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
«Стратегиялық маңызды жобаларды мерзімінен кешіктіруге болмайды. Жұмыс қарқынын жеделдетіп, басым бағыттарға ресурстарды жұмылдыру қажет», – деді Нұрлан Жақыпов.
Қосымша, 2026 жылы транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға жеткізу мақсатында коммерциялық жұмысты күшейту және көршілес теміржол әкімшіліктерімен, жүк жөнелтушілермен өзара іс-қимылды арттыру қажеттігі ескерілді.
Қор өкілдері Мемлекет басшысы және Үкімет тапсырмаларының орындалуы ерекше бақылауда екенін айтты.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Oman Investment Authority Инвестициялық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Oman Investment Authority през...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Societe Generale басшылары серіктестікті кеңейту...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті та...