«Самұрық-Қазына» мен Францияның TotalEnergies басшылығы энергетика, мұнай және газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады
1410
24 Ақпан 2026
Нұрлан Жақыпов TotalEnergies компаниясының Азия–Тынық мұхиты өңірі бойынша аға вице-президенті Мансұр Жақыповпен кездесті.
Тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы жайы мен негізгі жобаларды іске асыру барысын, соның ішінде, Қашаған кен орнын игеру жобасы (TotalEnergies жобаға қатысады) мен «Мирный» жел электр станциясының құрылысын талқылады.

Жел электр станциясын 2028 жылы іске қосу жоспарланған.
TotalEnergies — Францияның мұнай-газ өндіру және өңдеу, электр энергиясын өндіру мен жеткізу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында жұмыс істейтін халықаралық энергетикалық компаниясы.
Ұйым әлем бойынша жобаларды жүзеге асырады және тұрақты әрі төмен көміртекті энергетикалық шешімдерге көшуге белсенді инвестиция салумен айналысады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic ...
{{ $t('messages.news1') }}
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі компания қызметінің нәтижелері мен инвес...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China International Capital Co...