Қызылордада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан Достық үйі ашылды
1225
06 Қаңтар 2026
Нысанның құрылысын 3,8 млрд теңгеге «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы қаржыландырды. Ауданы 3,5 мың шаршы метр болатын үш қабатты ғимаратта 11 этномәдени бірлестік пен қоғамдық ұйым жұмыс істейді.
Сонымен қатар, мұнда 200 орынға арналған концерт залы және қоғамдық, мәдени, ағартушылық бағыттағы іс-шараларды өткізу үшін 50 орынға арналған мәжіліс залы бар.
Соңғы бес жылда Қызылорда облысында Қор тобы жалпы сомасы 6,5 млрд теңге болатын 16 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында ерте араласу орталығы, үстел теннисі орталығы, тарихи-мәдени орталық, Оқушылар үйі және «Samruk-Kazyna Trust» пен «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржыландырған басқа да нысандар бар.


{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic ...
{{ $t('messages.news1') }}
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі компания қызметінің нәтижелері мен инвес...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China International Capital Co...