«Самұрық-Қазына» АҚ «Үздік инновациялық компания - 2025» байқауының қорытындысын шығарды
53
10 Желтоқсан 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларда технологиялық дамуды қолдауға және инновациялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған жыл сайынғы «Үздік инновациялық компания» байқауының нәтижелерін жариялады.
2025 жылы байқауға Қордың сегіз портфельдік компаниясынан 35 жоба қатысты.
Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаева, қордың портфельдік компанияларының өкілдері, т.б. қатысты.
«Біз үздік нәтижелер көрсеткен компаниялар мен қызметкерлерді қошеметтеп, марапаттаймыз. Олардың жетістіктері басқа да портфельдік компаниялардың өндірістік тиімділігін арттыруға серпін береді», – деді марапаттау рәсімінде Нұрлан Жақыпов.
Байқауды «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы ұйымдастырды.
«Үш жыл ішінде «Самғау» орталығы арқылы 40-тан астам жоба іске асырылып жатыр. Биыл аяқталатын төрт жобаның өзінде экономикалық әсер 235 млрд теңгеге жетті», – деді Жақыпов.

Байқау жеңімпаздары:
• Мартыненко Д. Ю. («Самұрық-Энерго» АҚ)
• Туранов А. А. («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ)
• Кунников А. В. («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ)
• Кузнецов В. Н. («KEGOC» АҚ)
• Белоцерковский А. Н. («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ)
• Тәженов М. А. («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ)
Байқау корпоративтік инновациялық мәдениетті дамытуға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларында технологиялық маңызды шешімдерді енгізуге ықпал ететін маңызды шара.
«Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ жанынан құрылған. Орталық ғылыми қауымдастықпен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді және қордың портфельдік компанияларының өндірістік процестеріне технологияларды көшіруге және ғылыми әзірлемелерді енгізуге жауапты.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Кореяның GS E&C компаниясының ...
{{ $t('messages.news1') }}
PwC «Самұрық-Қазына» мен портфельдік компаниялардың қызметкерлері үшін...
{{ $t('messages.news1') }}
Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұр...
{{ $t('messages.news1') }}
Жоғары аудиторлық палата тарапынан айтылған ескертулердің басым бөлігі...