Жоғары аудиторлық палата тарапынан айтылған ескертулердің басым бөлігі қазірдің өзінде пысықталып, Қордың негізгі бағыттары бойынша жол карталарына енгізілді
1786
28 Қараша 2025
Жоғары аудиторлық палата тарапынан айтылған ескертулердің басым бөлігі қазірдің өзінде пысықталып, Қордың негізгі бағыттары бойынша жол карталарына енгізілді: құрылымды оңтайландыру, процестерді цифрландыру, басқару деңгейлерін қысқарту және т.б. Бұл іс-шаралардың едәуір бөлігі белсенді түрде іске асырылып жатыр.
Қор құрылымды айтарлықтай оңтайландырды – ұйымдар саны 10 жыл ішінде 593-тен 327 компанияға дейін қысқарды және бұл жұмыстар жалғасуда. Тиімсіз компаниялар қысқартылып, басқару жүйесі жеңілдетілді, операциялық тиімділік болса артып келеді.
Сонымен қатар, Қорда қаржылық көрсеткіштер, яғни кірістер, таза пайда, мемлекетке төленетін дивидендтер тұрақты өсуде. Инвестициялық портфельде жалпы құны 53 трлн теңгені құрайтын іске асырылып жатқан және болашағы зор 130 жоба бар және олардың орындалуына бақылау айтарлықтай күшейтілді.
Бұдан бөлек, Қор көлік және логистика, энергетика, мұнай-газ және өзге де салалардағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық басым жобаларды қаржыландыруды жалғастырып, экономиканың дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосуда.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті