«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов ExxonMobil компаниясының халықаралық үкіметтік қатынастар жөніндегі аға директоры Юри Киммен кездесті
1382
10 Қараша 2025
Кездесу барысында тараптар қолданыстағы бірлескен жобалар аясындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелерін талқылады.
Нұрлан Жақыпов өз сөзінде Қордың портфельдік компаниясы – «ҚазМұнайГаз» АҚ мен ExxonMobil арасындағы көпжылдық табысты серіктестік өзара құрметке, сенімге және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге деген ұмтылысқа негізделгенін атап өтті. Бұл серіктестік Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
ExxonMobil – әлемдегі ірі мұнай-газ компанияларының бірі. Штаб-пәтері АҚШ-тың Ирвинг қаласында орналасқан. Компания Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді және елдің мұнай-газ саласындағы алғашқы ірі инвесторлардың бірі. ExxonMobil «Теңізшевройл» ЖШС, Солтүстік Каспий (Қашаған) мен Каспий құбыр желісі консорциумы жобаларына қатысады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті