Газ саласы дамуда: QazaqGaz нәтижелері мен жобалары туралы есеп берді
31
07 Қараша 2025
«Самұрық-Қазынада» Болат Жәмішевтің төрағалығымен «QazaqGaz» АҚ-ның 2025 жылдың 9 айындағы қызмет нәтижелері мен алдағы жоспарларына арналған Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Есепті кезеңде ішкі нарыққа газ жеткізу жоспары 100% орындалып, нақты көлемі 13,6 млрд м³ құрады. Газ экспортының көлемі 3,9 млрд м³ жетті, бұл жоспардан 28% жоғары. Ал магистральді газ тасымалы бойынша жоспар 7%-ға яғни 4,3 млрд м³-ке артық орындалды.
Ұлттық компания елді газдандыруға да ерекше көңіл бөлуде.
23 қазанда «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры мен 6 автоматты газ тарату станциясының құрылысы аяқталуына орай ресми шара өтті. Жаңа газ құбыры Жетісу облысының 84 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, алғашқы трансконтиненттік жүйелердің бірі – «Орта Азия – Орталық» (ОАО) магистральді газ құбырын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл тәуліктік газ транзитінің өнімділігін 18 млн м³-тен 22 млн м³-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік маңызы бар және энергетикалық тұрғыдан маңызды жобаның бірі – «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісі. Жоба Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерін газбен қамтуға, соның ішінде «Түркістан» БГҚ, «Қызылорда» БГҚ, Алматының ЖЭО-2 және ЖЭО-3 және сол сияқты басқа да нысандарды газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қытайға экспорт көлемін сақтауға (арттыруға) бағытталған.
2025 жылы аяқталатын жобалар есебінен 29 елді мекенде шамамен 292,7 мың адамға табиғи газ беру жоспарланған. Осылайша, газдандыру деңгейі 63,8%-ға жетпек (өсім – 1,4%).
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Ashmore компаниялары Қазақстанда әлемдік деңгейд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшылығы ҚР Президенті бастаған ресми делегация құра...