«Тау-Кен Самұрық» және америкалық Cove Capital компаниялары әлемдегі ең ірі игерілмеген вольфрам кен орындарының бірін бірлесіп игеру үшін ортақ кәсіпорын құрылатынын жариялады

«Тау-Кен Самұрық» және америкалық Cove Capital компаниялары әлемдегі ең ірі игерілмеген вольфрам кен орындарының бірін бірлесіп игеру үшін ортақ кәсіпорын құрылатынын жариялады

35

06 Қараша 2025

«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық компаниясы және АҚШ-тың Cove Capital инвестициялық компаниясы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойды.

Инвестиция көлемі шамамен 1,1 млрд АҚШ долларын құрайды.

Құжатқа Вашингтонда C5+1 саммиті аясында «Тау-Кен Самұрық» басшысы Нариман Абсаметов және Cove Capital компаниясының бас директоры Пини Алтхаус қол қойды.

«Солтүстік Қатпар» жобасы бойынша түпкілікті техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Соның ішінде Қазақстанда аммоний паравольфраматын (ұнтақтар, тозуға төзімді бөлшектер және т.б. арнайы вольфрам өнімдерін өндіруге арналған металлургиялық қайта өңдеу өнімі) өндіру қуаттарын құру мәселесі де қарастырылуда.

Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақты - әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі, мұнда JORC стандарты бойынша вольфрам қоры 410 мың тоннаны құрайды.

Жобаны іске асыру отандық тау-кен саласын дамытуға елеулі үлес қосады.

Cove Capital компаниясы 2015 жылы құрылған. Компания биофармацевтика, жаңартылатын энергия көздері және тау-кен өнеркәсібі салаларына инвестиция құяды. Бас кеңсесі АҚШ-та орналасқан.