«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China Energy International Group Co., Ltd компаниясының президенті Цяо Сюбинмен кездесті
1152
23 Қазан 2025
Тараптар серіктестік мәселелері мен қордың портфельдік компанияларымен бірлескен бастамаларын, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Әсіресе, биыл 2 қыркүйекте өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында негізі қаланған серіктестікті дамытуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Солтүстік–Оңтүстік тұрақты тоқ желісін салу шеңберінде EPC-шарттың негізгі параметрлері бойынша Негіздемелік келісімнің және Қазақстанның энергетикасы бойынша ғылыми зерттеулер мен цифрлық трансформация саласындағы серіктестік туралы стратегиялық келісімнің іске асырылу барысы талқыланды.
Бұдан бөлек, заманауи Деректер орталығын салу жобасының перспективалары қарастырылды.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic ...
{{ $t('messages.news1') }}
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі компания қызметінің нәтижелері мен инвес...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China International Capital Co...