Қазақстан-Әзербайжан инвестициялық қоры энергетика саласындағы жобалар портфелін кеңейтуде
1149
21 Қазан 2025
Ақордада Әзербайжан президентінің Қазақстанға сапары аясында Қазақстан-Әзербайжан инвестициялық қоры (SK-AIH) мен Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай-газ компаниясы арасында негіздемелік келісімге қол қойылды.
SK-AIH – «Самұрық-Қазына» АҚ мен Әзербайжан инвестициялық холдингінің ортақ инвестициялық қоры. Мақсаты – екі ел экономикасының түрлі секторларына инвестиция тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Қол қойылған келісім аясында тараптар энергетика саласындағы, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігі бағыттарындағы бірлескен жобалар портфелін айқындауды жоспарлап отыр. SK-AIH қоры миноритарлық акционер ретінде қатысады.
Аталған серіктестік жасыл экономиканы дамыту және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы инвестициялық байланыстарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті