Қысқа дайын: «Самұрық-Қазына» компаниялары жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады
66
16 Қазан 2025
Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы Қордың екі портфельдік компаниясы – «Самұрық-Энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ қатысуымен өтті. Компаниялар 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге сенімді дайындықты қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлады.
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов энергетикалық станциялардағы жөндеу жұмыстары бекітілген кестелерге сай жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл ағымдағы жылыту маусымының уақытылы басталуын қамтамасыз етті.
Электр станцияларына отын жеткізу де кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.«Богатырь Көмір» ЖШС еншілес компаниясы жасалған келісімшарттарға сәйкес электр станцияларына көмірді үздіксіз жеткізуде.
Бүгінгі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларындағы көмір қоры 1 504 мың тонна, ал норматив 791,5 мың тонна, мазут қоры 33,6 мың тонна, ал норматив 23,6 мың тонна деңгейінде.
«Самұрық-Энерго» АҚ 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде станциялардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге толық дайын.
«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов компания негізгі жөндеу науқанын аяқтап, апаттық қорды қалыптастырғанын, сондай-ақ қысқы кезеңде ҰЭЖ ақаусыз жұмыс істеуі үшін персонал мен техниканың дайын екенін атап өтті.
2025 жылы KEGOC 577 нысанда жалпы құны 3,8 млрд теңгені құрайтын жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған. 511 нысандағы жұмыстар орындалған, бұл жылдық жоспардың 89%-ы.
Электр желілері мен қосалқы станция жабдықтарын жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін, ал ғимараттар мен көлік бойынша жұмыстар қарашада аяқталады.
Болжамдық теңгерімге сәйкес, күтілетін ең жоғары жүктеме 17,6 ГВт, ал қолжетімді генерация 16,7 ГВт деңгейінде болған жағдайда, қуат бойынша 0,9 ГВт және 1,1 млрд кВт·сағ электр энергиясы көлемінде тапшылық болады деп күтілуде. Бұл тапшылық іргелес энергетикалық жүйелерден импорттау есебінен өтелмек.
{{ $t('messages.news1') }}
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің тәуелсіз ци...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ұлыбританияның Әзербайжан мен ...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстандық IT-компаниялардың өнімдерін жылдам ілгерілетуге жаңа саты...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 ныс...