«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Abu Dhabi Ports Group басшылығымен кездесті
916
02 Қазан 2025
Тараптар қордың портфельдік компаниялары мен Abu Dhabi Ports Group (ADP) бірлесе жүзеге асырып жатқан негізгі бастамалары мен серіктестіктің перспективаларын талқылады.
«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның Каспий және ашық теңіздегі жобалары, танкерлік флотты дамыту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында контейнерлік кемелерді жасау және теміржол вагондарын тасымалдауға арналған жаңа паром жүйесін құру жоспарланған.
Бұдан бөлек, көлік-логистика саласындағы серіктестікті кеңейту мәселелері де талқыланды. «ҚТЖ» мен ADP-нің бірлескен жобалары транзит пен экспорттың өсуіне ықпал етіп, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа арасындағы байланысты нығайтады және жаһандық логистиканың тұрақтылығын арттырады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қоры Абай облысы әкімдігімен бірлесіп Семей қаласының...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Семейдегі Жылу электр орталығының құрылыс бар...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Astana International Exchange алаңында алғашқы панда-...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Бұхарада Өзбекстан Республикасының Қайта құру және даму...