Оқытудан тәлімгерлікке дейін: «Самұрық-Қазына» компанияларындағы Жұмысшы мамандықтары жылы
1084
26 Қыркүйек 2025
«Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Қор компаниялары тарапынан Жұмысшы мамандықтары жылының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов атап өткендей, «Самұрық-Қазына» компаниялары тобында 190 мың өндірістік маман еңбек етеді. Бұл – елдегі жалпы көрсеткіштің 10%-ы.
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған бірізді және жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, 46 мыңнан астам қызметкер әртүрлі бағыт бойынша оқудан өтті, 1800 инженер «Бастау», «Өрлеу» және басқа да бағдарламалар бойынша біліктілігін арттырды.
Жастар үшін «Ізбасар», «Мұрагер» және «Алып» бағдарламалары жұмыс істейді.
4 мыңнан астам студент кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен балалар үйінің түлектеріне арналған әлеуметтік қолдау және кәсіби бағдарлау бойынша «Самұрық Үміті» және «Тәлімгер» бағдарламалары жүзеге асырылды.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...