«Самұрық-Қазына» спорт секцияларында 1000-нан астам ерекше бала тегін жаттығады
129
23 Қыркүйек 2025
«Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары медицина, инклюзия және спорт салаларындағы қайырымдылық жобаларына белсенді қатысады. Бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры және адами капиталды дамыту бойынша корпоративтік орталық – «Samruk Business Academy» инклюзивті бейімделген спорт секцияларын құруға бағытталған ірі жобаға қолдау көрсетті. «Samruk Business Academy» ұйымы қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру үшін «Samruk-Kazyna Trust» қорына 198 млн теңге бөлді.
Аталған әлеуметтік бастама аясында бүгінде Қазақстанның 22 қаласы мен ауылында бочча, хореография, жүзу, футбол, жеңіл атлетика, голбол, теннис, таэквондо және пионерболдан шамамен 90 спорт секциясы тегін жұмыс істеп тұр. Жыл сайын 1000-нан астам ерекше бала тұрақты түрде спортпен шұғылданып, денсаулығын нығайтып, қоғамға сәтті бейімделуде.
Тәрбиеленушілердің көбі өңірлік паралимпиада құрама сапында ұлттық және халықаралық деңгейде чемпион атануда. Жақында өткен Astana 2025 World Boccia Challenger әлемдік турнирінде жобаға қатысатын үш спортшы жүлделі орындарға ие болып, Қазақстандағы инклюзивті спорттың әлеуеті жоғары екенін дәлелдеді.
Спортты, соның ішінде паралимпиадалық бағыттарды дамыту – «Самұрық-Қазына» қорының басым бағыттарының бірі. Соңғы үш жылда Қордың қолдауымен өңірлерде 15 заманауи спорт кешені ашылып, 90 мыңнан астам бала тегін жаттығып жүр. Сондай-ақ, ерекше балаларға арналған Қазақстандағы алғашқы велоспорт секциясы ашылды. Жыл соңына дейін Тараз бен Шымкентте ұзақ өмір сүру орталықтарын, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңа спорт кешендерін ашу жоспарланған.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы Amazon Kuiper-мен екі құжатқа қол қойды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов АҚШ-та The Boeing Company басш...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Rwanda Mines, Petroleum and Ga...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Samruk Swim Team» құрамасын жүзуден турнир...