«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Rwanda Mines, Petroleum and Gas Board (RMB) бас директоры Алис Уваcе және Ngali Holdings бас директоры Джозеф Бутерамен кездесті
1048
19 Қыркүйек 2025
Тараптар ықтимал серіктестіктің перспективаларын талқылады.
«Біз Руандадағы жаңа мүмкіндіктерді жоғары бағалаймыз және бұл серіктестікті дамытуға деген ұмтылысыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз», – деді кездесуде Жақыпов.
2025 жылы мамырда «Самұрық-Қазына» қоры мен RMB ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Құжат Руанда аумағында өндірілетін бериллий шикізатын «Қазатомөнеркәсіп» АҚ қажеттіліктеріне пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.
RMB – пайдалы қазбаларды, мұнай мен газ өндіру саласын реттеу және басқаруға жауап беретін мемлекеттік орган.
Ngali Holdings – Африкадағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік инвестициялық компания.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысы д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» қор басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен және ҚР...
{{ $t('messages.news1') }}
Семейде энергетикалық жобалардың іске асырылу барысы қаралды
{{ $t('messages.news1') }}
Семейде «Самұрық-Қазына» қолдауымен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру ...