Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Samruk Swim Team» құрамасын жүзуден турнирде жүлделі орын алуымен құттықтады

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Samruk Swim Team» құрамасын жүзуден турнирде жүлделі орын алуымен құттықтады

40

15 Қыркүйек 2025

«Самұрық-Қазына» құрамасы жүзуден Masters санатында Қазақстанның VII ашық чемпионатында 27 медаль: 16 алтын, 6 күміс, 5 қола жеңіп алды. Қор басшысы Нұрлан Жақыпов құрама команданы тамаша нәтижелерімен құттықтады.

«Сіздердің жеңістеріңіз – бұл тынымсыз дайындықтың, тәртіп пен жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі. «Самұрық-Қазына» қоры салауатты өмір салтын, белсенді ұзақ өмір сүруді және корпоративтік спортты үнемі қолдайды», – деді ол.

DSCF9919.jpg

«Samruk Swim Team» сапында өнер көрсеткен қызметкерлер: Вадим Трубачев – «KEGOC» АҚ, Сағат Қабиев, Әнел Жеңісқызы және Константин Лимаренко – «Қазақстан темір жолы» АҚ, Ирина Филяева және Игорь Сорокин – «ҚазМұнайГаз» АҚ, Мадияр Абдразақов – «Қазақтелеком» АҚ, Салтанат Түзелбаева – «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, Айжан Бексұлтанова – «QazaqGaz» АҚ.

Турнир қорытындысы бойынша команда үшінші орынға табан тіреді.