Отандық тауар өндірушілер «Самұрық-Қазынадан» 704 млрд теңгеге тапсырыс алды
37
26 Тамыз 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ отандық бизнесті қолдауды сатып алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау және заманауи цифрлық құралдарды енгізу арқылы күшейтеді.
Жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компаниялары отандық тауар өндірушілермен (ОТӨ) жалпы сомасы 704 млрд теңгеге тауарларды жеткізуге 6 169 шарт жасасты. Оның ішінде 153,9 млрд теңгеге жасалған 266 шарт ұзақ мерзімді.
Жыл қорытындысы бойынша ОТӨ-мен 1,3 трлн теңге сомасына шарт жасау жоспарланған.
Офтейк-келісімшарттарға ерекше көңіл бөлінеді. Өндірушілер үшін бұл дамудың сенімді құралы, ал экономика үшін ішкі нарықты нығайту және импортқа тәуелділікті азайту тәсілі. 2025 жылдың 7 айында отандық өндірушілермен 124 млрд теңгеге 218 сол сияқты шарт жасалды (салыстыру үшін: былтырғы ұқсас кезеңде – 84,1 млрд теңгеге 174 оффтейк-келісімшарт). Бүгінде 73 млрд теңгеге тағы 31 өтінім қаралып жатыр.
Отандық бизнесті ынталандырудың негізгі механизмдердің бірі – 2023 жылы Қор іске қосқан skstore.kz электрондық дүкені. Бүгінде платформада шамамен 15,3 мың ШОБ субъектісі тіркелген. Қаңтар-шілде айларының өзінде кәсіпкерлер 20,2 млрд теңгеге, оның ішінде 572 отандық тауар өндірушілерден 5,8 млрд теңгеге тапсырыс алды.
{{ $t('messages.news1') }}
57 ауыл мен 45 мың тұрғын: «Самұрық-Қазына» қолдауымен медициналық пой...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшылықтағы әйелдер үлесін арттыру жөніндегі мақсатт...
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесінің 8-отырысы өтеді
{{ $t('messages.news1') }}
Алты айда «Самұрық-Қазына» тобының 12 мыңнан астам жұмысшысы арнайы оқ...