«Самұрық-Қазына» басшысы Samruk United құрамасын мерейтойлық Спартакиадада лайықты өнер көрсеткені үшін алғыс хаттармен марапаттады
1286
11 Тамыз 2025
Samruk United тобы 14 команданың ішінде 6-орын алды.
Биыл аталған команда айтарлықтай жетістікке жетті: қатысушылар 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды.
Мысалы, асық атудан команда бесінші орыннан үшінші орынға көтерілсе, жүзуден (400 метр) 45–49 жас санатында (ерлер) үшінші орыннан бірінші орынға шықты.

«Сіздер жұмыста ғана емес, спортта да мықты екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Спартакиада — бұл күш-жігер, ұжымдық рухтың мерекесіне айналды. Осы намыс пен энергияны келесі Спартакиадаға дейін сақтайық. Алға, Samruk United!» — деді Қор басшысы.
«Самұрық-Қазына» тобының оныншы, мерейтойлық Спартакиадасы Жұмысшы мамандықтары жылына орай ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен, негізінен өндірістік саладан, мыңнан астам маман қатысты.
Еске салсақ, 2024 жылы біздің спортшыларымыз киберспорттан 2-орын, жүзуден (400 метр) 3-орын және «Турнирдің үздік ойыншысы» номинациясын жеңіп алған еді.

{{ $t('messages.news1') }}
Семейде «Самұрық-Қазына» қолдауымен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қоры Абай облысы әкімдігімен бірлесіп Семей қаласының...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Семейдегі Жылу электр орталығының құрылыс бар...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Astana International Exchange алаңында алғашқы панда-...