«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есебі жарияланды

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есебі жарияланды

55

25 Шілде 2025

«Самұрық-Қазына» АҚ барлық мүдделі тараптарға ашық әрі айқын ақпарат ұсыну тәжірибесін жалғастыра отырып, 2016 жылдан бастап жыл сайын Тұрақты даму жөніндегі есебін жариялап келеді.

Бұл – Қордың жеке жариялаған тоғызыншы есебі және ол Корпоративтік басқару кодексі мен халықаралық қаржылық емес есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген. Есепте Қор мен оның портфельдік компанияларының 2024 күнтізбелік жылында тұрақты даму саласындағы негізгі көрсеткіштері – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салалар бойынша қызмет нәтижелері баяндалған.

Есеп «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілді және ұсынылған ақпараттың сапасы мен сенімділігіне кепілдік беретін аудиттік компанияның тәуелсіз растауынан өтті.

Сонымен қатар, есеп GRI Services тексерісінен өтті және GRI (Global Reporting Initiative) әдіснамасына толықтай сәйкес екендігі расталды.

Қордың алдыңғы есептік кезеңге (2023 жыл) арналған Тұрақты даму есебі Қазақстан қор биржасының (KASE) рейтингінде бірінші орын алды (https://kase.kz/ru/information/news/show/1537604) және халықаралық деңгейде мойындалып, мемлекеттік сектор бойынша Азиядағы үздік есеп үшін Asia Sustainability Reporting Awards (Тұрақты даму жөніндегі есеп бойынша берілетін Азия сыйлығы) сыйлығын алды (Сингапур, 2025 ж. наурыз https://www.csrworks.com/asra/winners-2024).

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жыл бойынша Тұрақты даму жөніндегі есебінің толық нұсқасына сілтеме: https://sk.kz/investors/sustainable-development/?lang=kz.