KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
1171
25 Шілде 2025
25 шілде Астанада «Қазақтелеком» АҚ ұйымдастыруымен қызметкерлер мен арнайы қонақтар үшін жыл сайынғы KT Growth Forum шарасы өтті. Биыл ол «Цифрландыруға көшу және көшбасшылық» ұранымен өтіп, цифрландыру, басқару және тұлғалық даму саласындағы жетекші сарапшыларды біріктірді.
«Цифрландыру — бұл бүгінде жай ғана тренд емес, елдің, бизнестің және адами капиталдың орнықты дамуы үшін қажетті шарт», - деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов өз сөзінде.

Ол «Самұрық-Қазына» қорының стратегиясындағы басты бағыттардың бірі – цифрлық трансформация екенін атап өтті. Қор ІТ-платформаларды енгізіп, процестерді автоматтандырып, аналитиканы дамытып, басқарудың ашықтығын арттыруда. Цифрландыру сатып алудан бастап активтерді басқаруға дейін нақты өзгерістер құралы ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ, Қор компаниялары тұрақты өзгерістер көзіне айналғаны айтылды. Ал бұл тек заманауи технологияларды ғана емес, сонымен қатар қоғам мүддесі мен ұзақмерзімді құндылықтарға бағытталған жаңа басқару тәсілін талап етеді.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Oman Investment Authority Инвестициялық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Oman Investment Authority през...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Societe Generale басшылары серіктестікті кеңейту...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті та...