SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препараттардың жаңа желісін ұсынды
1443
18 Шілде 2025
Агрохимия саласындағы стратегияны іске асыру аясында SK Оndeu компаниясы «Жаңа дала – Green Day» аграрлық көрмесінде өз ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерін ұсынды.
Компания стендінде гуминді табиғи минералды тыңайтқыштар, гидрофильді коллоидты күкірт негізіндегі фунгицид, сондай-ақ кешенді әсері бар жәндіктерге қарсы акарифунгицидті құрал таныстырылды. Бұл препараттар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және оларды зиянкестер мен аурулардан қорғауға бағытталған. Жүргізілген сынақтар жүгері түсімінің 30–40%-ға артқанын, ал аурулардың таралуы 80–92%-ға азайғанын көрсетті.
Барлық өнім қайта өңдеудің қосалқы өнімдерінен (күкірт және тотыққан көмір) әзірленген. Бұл экологиялық жүктемені азайтады және «жасыл» экономика ережелеріне толықтай сай келеді.
Жоба «Самұрық-Қазына» тобының ғылыми-техникалық қызметін жүзеге асыратын бірыңғай оператор - «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті