Қор басшысы Өскемендегі «Kazzinc» кәсіпорнында болды
1409
04 Шілде 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен Өскемендегі «Kazzinc» ЖШС-нің өндірістік нысандарын аралады.
Ол мырыш, қорғасын және мыс шығаратын цех жұмысымен танысып, компания басшылығымен алдағы жоспарларды талқылады.
«Kazzinc» – «Самұрық-Қазынаның» стратегиялық активі. Соңғы жылдардағы теріс динамика өзгеріп, 2024 жыл табысты аяқталғанына қуаныштымын», – деді Нұрлан Жақыпов.
«Kazzinc» – мырышпен қатар, мыс, бағалы металдар мен қорғасын өндіретін интеграцияланған ірі кәсіпорын.
Қордың портфельдік компаниясы – «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2013 жылдан бері «Kazzinc» компаниясының 29,82%-ына иелік етеді. Ал мажоритарлық үлесі Швейцарияның «Glencore» компаниясына тиесілі.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті