Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Катардың Сыртқы сауда жөніндегі министрі Ахмед Әл-Сайедпен кездесті
1425
03 Шілде 2025
Нұрлан Жақыпов Катарды Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі екенін атап өтіп, Қор бұл елмен сенімді және бауырлас қарым-қатынас орнатқанын жеткізді.
2024 жылы наурызда Қазақстан мен Катар арасында газ өңдейтін зауыттар салу, магистральді газ құбырларын, су және жылу энергетикасы нысандарын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Аталған жобалар қазір жүзеге асырылу кезеңінде.
Кездесу барысында Қазақстан-Катар іскерлік кеңесіне (ҚКІК) ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан тарапынан кеңестің тең төрағасы – «Самұрық-Қазына», Катар тарапынан – Катардың Сауда-өнеркәсіп палатасы.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті