«Самұрық-Қазына» АҚ-да халықаралық сарапшылардың қатысуымен «ҚазМұнайГаздың» стратегиялық сессиясы өтті
655
02 Шілде 2025
Қорда «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және жаһандық энергетика саласындағы халықаралық сарапшылардың, атап айтқанда, S&P Global вице-президенті Боб Фриклунд пен серіктесі Rystad Energy компаниясының Лондондағы кеңсесінің директоры Саймон Шьотунның қатысуымен стратегиялық сессия өтті.
Сессия жұмысына «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақыпов жетекшілік етті.
Іс-шара барысында саладағы жаһандық үрдістер, Қазақстандағы мұнай-газ химиясы саласының дамуы, қол жеткізілген нәтижелер, сондай-ақ ҚМГ жұмысының тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға арналған технологиялар, оның ішінде жасанды интеллект талқыланды.
«ҚазМұнайГаз» — Қор портфеліндегі негізгі активтердің бірі (Қор активтері құнының 46%-ын құрайды). 2024 жылы ҚМГ компаниялары тобы Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 27%-ын, тасымалдаудың 57%-ын және өңдеудің 80%-ын қамтамасыз етті.
{{ $t('messages.news1') }}
57 ауыл мен 45 мың тұрғын: «Самұрық-Қазына» қолдауымен медициналық пой...
{{ $t('messages.news1') }}
Отандық тауар өндірушілер «Самұрық-Қазынадан» 704 млрд теңгеге тапсыры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшылықтағы әйелдер үлесін арттыру жөніндегі мақсатт...
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесінің 8-отырысы өтеді