«ҚМГ» бойынша өткен «Самғау» технологиялық сессиясының қорытындысы: үш бағыт пен мақсатты қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін 3 млрд теңге
1076
02 Шілде 2025
Ақтауда «ҚазМұнайГаз» АҚ тапсырмалары бойынша технологиялық сессия өтті. Нәтижесінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі желісі бойынша 3 млрд теңгеден астам сомаға мақсатты қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін ғылыми-техникалық жобалардың үш негізгі бағыты іріктеліп алынды.
Тақырыптар келесі міндеттерді қамтиды: мұнай қабаттарының өнім беруін арттыратын, ұңғымалар өнімінің сулануын азайтып, игерудің соңғы сатысындағы кен орындарында мұнай өндіру деңгейін тұрақтандыратын немесе арттыратын, суды дайындап, тазартатын, сондай-ақ жерүсті жабдықтарынан атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды азайтуға бағытталған технологияларды әзірлеу, бейімдеу және енгізу.
Жаңа технологияларды енгізу өндірілетін мұнай көлемін 8–10%-ға дейін ұлғайтуға, зиянды қалдықтарды азайтуға және өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл ресурстарды және қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі.
Сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» АҚ нысандарында көшпелі инновациялық технологиялық диагностика жүргізіліп, негізгі технологиялық келеңсіздіктер анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды.
Келесі қадам — бұл мәселелер 2025 жылы Үкімет деңгейінде қарастырылуы тиіс.

{{ $t('messages.news1') }}
Семейде энергетикалық жобалардың іске асырылу барысы қаралды
{{ $t('messages.news1') }}
Семейде «Самұрық-Қазына» қолдауымен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қоры Абай облысы әкімдігімен бірлесіп Семей қаласының...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Семейдегі Жылу электр орталығының құрылыс бар...