Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Wabtec компаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесті
1253
25 Маусым 2025
«Самұрық-Қазынаның» ұзақ жылдар бойғы серіктесі - Wabtec ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің тұрақты мүшесі атанды.
Америкалық компания «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесінің озық екенінің айқын үлгісі. Wabtec «Локомотив құрастыру зауытына» иелік етеді.
Зауыттың негізгі тапсырыс берушісі – Қордың портфельдік компаниясы «Қазақстан темір жолы». Қордың сатып алу жүйесінің арқасында «ҚТЖ» зауыт өнімінің кепілді көлемін сатып алады.
Осылайша, ЛҚЗ «ҚТЖ» үшін 595 локомотив шығарып, ТМД елдеріне 39 локомотивті экспорттады.
Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) — локомотивтер мен жүк және жолаушылар көлігіне, локомотивтерге арналған өнімдерді шығаратын америкалық компания.

{{ $t('messages.news1') }}
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асыр...
{{ $t('messages.news1') }}
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңес...
{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...