«Самұрық-Қазына» мен Shell басшылығы серіктестіктің негізгі бағыттарын талқылады
997
24 Маусым 2025
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Shell компаниясының «Барлау және өндіру» бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хаумен кездесті. Компания ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі.
Shell – «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық серіктестерінің бірі. Ол Қордың портфельдік компаниясы – «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп Солтүстік Каспий, Қарашығанақ жобалары, КҚК, ПМХЗ-дағы дизель отынын гидротазалау қондырғысын жаңғырту және геологиялық барлау жобалары аясында жұмыс істеп келеді.
Тараптар іске асырылып жатқан жобалардың жай-күйін және серіктестіктің алдағы перспективаларын талқылады.
Бір ай бұрын «Самұрық-Қазына» мен Shell бірлесіп стратегиялық сессия өткізген. Сессияда энергетикалық қауіпсіздік бойынша өзекті сценарийлер талқыланды.
Сонымен қатар, компаниялар әлеуметтік бастамаларды да жүзеге асыруда. Мысалы, былтыр Қор және Shell қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар жастарды сұранысқа ие IT-мамандықтарға үйретуге бағытталған OrleTECH 3.0 инклюзивті білім беру жобасы сәтті іске асырылды.

{{ $t('messages.news1') }}
Президенттің Брюссельге сапары: «Самұрық-Қазына» халықаралық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
Air Astana мен Airbus әуе кемелерін сатып алу бойынша тікелей тапсырыс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) басшылығ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Airbus авиация саласындағы серіктестікті дамыту м...