Жыл сайын түрлі патологиясы бар 600 балаға кешенді көмек көрсетіледі
1265
20 Маусым 2025
Алматыда ерте араласу орталығы ашылды. Ол – «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры ашқан 46-шы оңалту орталығы.
Нысанды материалдық-техникалық жабдықтауға 57,5 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
Жаңа орталықта үш жасқа дейінгі балаларға әлі қалыптаспаған функциялар мен дағдыларды игеруге және дамытуға көмек көрсетіледі. Бұл мақсатта АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстанның жетекші өндірушілерінің бірегей оңалту және диагностикалық жабдықтары орнатылған.

Күнделікті жеке емдік дене шынықтыру, кинезотерапия, механотерапия сабақтары қарастырылған.
«Биыл жыл соңына дейін осындай тағы 7 орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Олар: Қызылордада балаларды оңалту орталығы, Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан облыстарында аутизмі бар балаларға арналған орталықтар, сондай-ақ Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының аудандық орталықтарында аралас типтегі «Ainala» орталықтары», – деді «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
Ерте араласу орталықтарын құру жобасы іске қосылған сәттен бастап 17 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді, олардың 4 мыңдайы алғаш рет сөйлеуді, өздігінен немесе сүйеніп жүруді үйренді. Бүгінде елімізде осындай 19 орталық жұмыс істеп тұр.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic ...
{{ $t('messages.news1') }}
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі компания қызметінің нәтижелері мен инвес...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China International Capital Co...