Нұрлан Жақыпов PowerChina директорлар кеңесінің басшысымен кездесті
1319
17 Маусым 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Power Construction Corporation of China (PowerChina) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дин Янчжанмен кездесу өткізді.
Тараптар энергетика және инфрақұрылым салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Шелек дәлізінде жел электр станциясын салу және Алматы ЖЭО-2-ні көмірден табиғи газға көшіру жобалары бойынша пікір алмасты.
PowerChina – Қытайдың ірі мемлекеттік инжинирингтік және құрылыс корпорацияларының бірі. 2011 жылы Қытайдың жетекші энергетикалық және инфрақұрылымдық компанияларының бірігуі нәтижесінде құрылған. 130-дан астам елде жұмыс істейді.

{{ $t('messages.news1') }}
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асыр...
{{ $t('messages.news1') }}
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңес...
{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...