«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы China Harbour Engineering Company басшылығымен кездесті
43
16 Маусым 2025
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China Harbour Engineering Company Ltd төрағасы Бай Иньчжанмен кездесу өткізді.
Тараптар инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы серіктестікті дамыту жөнінде талқылады. Қазіргі уақытта China Harbour компаниясымен Ақтауда контейнерлік хаб салынып жатыр.
9 маусымда хабтың алғашқы кешенінің іске қосылуына орай салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кешен жоспарланған мерзімінен бұрын тапсырылды, бұл - тараптардың бірлескен жұмысының тиімділігі мен үйлесімділігінің айқын көрінісі, деді Жақыпов.
Ол «Орталық Азия – Қытай» форумы аясында China Harbour компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын құптап, бұл құжат әсіресе инфрақұрылым және энергетика салаларында компаниялар арасындағы ынтымақтастықты жандандыратынына сенім білдірді.
China Harbour Engineering Company — инфрақұрылым саласындағы әлемдік жетекші мердігер - China Communications Construction Company (CCCC) компаниясының еншілес құрылымы. CCCC-нің шетелдегі жобаларын дамыту және іске асыру бойынша негізгі бөлімшесі ретінде қызмет атқарады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Орталық Азия – Қытай» форумы аясында келесі құжаттармен алмасу рәсімі...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы CWE басшылығымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен CNPC басшылығы бірлескен жобалардың ағымдағы жағд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов өнеркәсіптік газдар мен тұрақт...