Ақтауда ірі контейнерлік хаб ашылды
583
09 Маусым 2025
Бүгін Ақтау қаласында ауқымды инфрақұрылымдық жоба – жаңа контейнерлік хаб жұмысын бастады. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Хабты мерзімінен бұрын «KTZ Express» АҚ, Ляньюньган порты (ҚХР) және «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ бірлесіп іске асырды.
Жаңа хаб Қазақстанның Шығыс-Батыс бағыты бойынша транзиттік әлеуетін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) маңызды буынына айналды. Нысан ел аумағында баламасы жоқ заманауи кранмен жабдықталған.
Жоба Қытайдан жеткізілген 100 мыңыншы контейнердің келуімен бастау алды.
Салтанатты ашылу рәсіміне әкімдік өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, халықаралық серіктестер мен логистикалық компаниялар қатысты.
«Портфельдік компаниямыз - «ҚТЖ» Ляньюньган портымен 10 жылдан астам уақыттан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Осы мерзім ішінде Ляньюньган портында Қазақстан-Қытай терминалы салынды, Khorgos Gateway құрғақ порты табысты жұмыс істеуде. Ақтаудағы контейнерлік хаб осы ауқымды жұмыстың заңды жалғасы болып отыр. Бұл жоба – Қазақстанның көлік-логистика жүйесін дамытудағы маңызды кезең және қытайлық әріптестерімізбен көпжылдық стратегиялық серіктестіктің нәтижесі», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Алматы халықаралық әуежайы» А...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы мен түркиялық серіктестер арасында үш жаңа келіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект