«Самұрық-Қазына» АҚ-да отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстардың аралық қорытындысы жарияланды
118
05 Маусым 2025
Астанада Қордың сатып алулары арқылы отандық тауар өндірушілерге көрсетілетін қолдау жөніндегі жұмыстардың аралық қорытындыларына арналған брифинг өтті.
2024 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы отандық тауар өндірушілермен 1,1 трлн теңгеден астам сомаға келісімшарттар жасасқан, - деп мәлімдеді Қордың басқарушы директоры Николай Казутин брифинг барысында.
«Отандық тауар өндірушілермен жұмыстар мен қызметтер аясында қолданылатын тауарларды қосқанда 1,1 трлн теңгеден астам сомаға шарттар жасалды. 2022 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемі 7 есе өсті. 2025 жылы қаңтар–мамыр аралығында жұмыстардағы тауарларды қоса есептегенде отандық тауар өндірушілермен 433,3 млрд теңгеге келісімшарттар жасалды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 25%-ға өседі деп күтіледі», - деді Казутин.
Сатып алу ережелерінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған 16 шара қарастырылған. Олардың бірқатары өзге реттелетін сатып алуларда баламасы жоқ, бірегей шара болып саналады. Олардың ішінде отандық тауар өндірушілерге сөзсіз басымдық беру, ұзақмерзімді офтейк-келісімшарттар жасасу, жеткізушілер үшін жедел төлем және алдын ала төлем жасау қызметтері бар. Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілердің өнімдері жұмыстар мен қызметтердің құрамына кіреді, деді Казутин.
Офтейк-келісімшарттар
2024 жылы офтейк-келісімшарттар аясында 191 млрд теңгеге 367 келісім жасалды. Бұл – 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе көп.
Офтейк-келісімшарттар – Қордың сатып алу жүйесіндегі негізгі құралдардың бірі. Ол жаңа өндірістерді іске қосуға және импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.
Аталған механизмнің арқасында:
500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған;
150 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ;
аса маңызды тауарлардың жергілікті өндірісі жолға қойылады.
2025 жылдың алғашқы 5 айында 115 млрд теңгеге 148 офтейк-келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда 97 млрд теңгеге тағы 24 жоба әзірленіп жатыр. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 210 млрд теңгеге жеткізу көзделген.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Атамекен» ҰКП Президиумының т...
{{ $t('messages.news1') }}
2022 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі 7 ...
{{ $t('messages.news1') }}
Топ бойынша ОТӨ-ні қолдау: сатып алу көлемі бойынша жетекші компанияла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ауғанстанның Сауда және өнеркә...