Топ бойынша ОТӨ-ні қолдау: сатып алу көлемі бойынша жетекші компаниялар
560
03 Маусым 2025
«Самұрық-Қазына» тобы отандық тауар өндірушілермен жұмысты жандандырды. Бұл ұлттық өнеркәсіптің дамуына және өндірістегі жергілікті үлесті арттыруға ықпал етуде.
Биыл бес ай ішіндегі сатып алу көлемі бойынша алдыңғы орында:
ҚТЖ — 123,2 млрд теңге (өсім 15%, 2024 жылы «Ақтөбе рельс-арқалық зауытымен» 325 млрд теңгеге жасалған ірі келісімді қоспағанда),
Қазатомөнеркәсіп — 122,3 млрд теңге (80%-ға өсім),
ҚазМұнайГаз — 120,1 млрд теңге (43%-ға өсім).
«2025 жылдың алғашқы бес айында отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттардың көлемі 433 млрд теңге болды», — деді Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Үкімет отырысында.
Ал офтейк-келісімшарттар көлемі бойынша ҚТЖ, ҚазМұнайГаз және KEGOC көш бастап тұр. Олардың шарттарының жалпы сомасы — 110,3 млрд теңге.
Отандық өндірісті қолдауға бағытталған Қордың сатып алу жүйесі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Алматы халықаралық әуежайы» А...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы мен түркиялық серіктестер арасында үш жаңа келіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект